ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ДӘСТҮРЛІК САБА - TURAN-SAM : TURAN Stratejik Araştırmalar Merkezi - http://www.turansam.org









ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ДӘСТҮРЛІК САБА
Tarih: 23.08.2011 > Kaç kez okundu? 23134

Paylaş






Қазақстан, Астана







Кілт сөздер: Түркі дүниесіндегі балалар әдебиеті, дәстүрлік, көне дәуірдегі түркі халықтары, ежелгі түркі мұралары, түркі халықтарының дүниетанымы, балалар әдебиетінің бастауы, ұлттық тәрбие.



Кіріспе

Балалар әдебиеті әдебиеттің өз алдына жеке дара саласы болғандықтан, бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары бар. Яғни, балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі – тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемдігінде, үшіншіден, тәрбиелік-танымдық, дидактикалық ұғынықтылығында, төртіншіден, балаға тән юмор қажет. Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи сурттелуі керек. Онсыз баланы алдау мүмкін емес. Бірақ ол шындық қоғам дамуына сай өзгеріп, уақыт талабына шығып отырса нұр үстіне нұр.



Негізгі бөлім

Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы – балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.

Балалар әдебиеті – бүгінігі ұлттық әдебиетімізде көркемдік-шығамашылық және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды басты назарда ұстап, балалардың жас ерекшелігіне қарай дамып келе жатқан сала. Бұл салада балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынады. Олардың психологиялық өсу процестері ескеріледі.

Қазақ балалар әдебиеті жылдан жылға сан жағынан да, идеялық сапасы жағынан да өсіп келеді. Мұның қоғамдық ірі мәні бар. Өйткені балалар әдебиеті - жас ұрпақтарға ұлттық тәрбие берудің қуатты құралы. Ол жастарды ұлттық патриоттық рухта тәрбиелейді, озық ойларымен қаруландырады. Қандай қиыншылықтарды болса да оларды жеңуге ұмтылдырып, жігер – қайратын арттырады.

Балалар әдебиетінің қалыптасуына, дами беруіне, оның жетіле түсуіне көрнекті қайраткерлер жанашырлықпен тікелей ат салысып келеді. Көп жанрлы қазақ балалар әдебиетінің тақырыптық молдығы мен жан-жақтылығы, идеялық мазмұнының байлығы және балалар әдебиетінің нақтылы мәселесін ашу ісі жайында нұсқаулар беріп отырды. Мектептің өмірмен байланысын күшейтуде балалар әдебиетінің тәрбиелік рөлі күшейіп зор міндеттер атқарды. Сонымен қазақ балалар әдебиеті де басқа ұлттық әдебиеттер сияқты үнемі, үздіксіз даму, өсу жолында болды.

Адамзат баласының дамуы ерте кезден бастау алатыны белгілі. Ежелгі халықтардан бізге жеткені – аңыздар мен әпсаналар, түрлі мифтік әңгімелер, т.т. Бұл жәдігерлер қазіргі әдебиеттің дамуына игі әсерін тигізді.

«Балалар әдебиеті қоғамда балалар субмәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін социомәдени құбылыстардың бірі» [1,7] болғандықтан да, балалар әдебиетінің жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда балаға өткен дәуірдегі әдебиет үлгілерімен таныстыру үшін оларға ұғынықты тілмен жеткізе білуіміз шарт. Өйткені әр бала өзінің төл тарихы мен мәдениетін танып өсуі қажет. Сондықтан баланы ерте жастан қоршаған ортаны танып білумен қатар ежелгі тарихи жыр-дастандарды жаттап өсуіне ықпал етуіміз керек. Ол үшін әрине, ұлттық руханиятымыздағы ежелгі түркі дүниесіне ортақ қисса-дастандар мен аңыз-әңгімелерді бала санасына лайықты етіп, жас ерекшелігіне сай оқып үйрету қажет.

Қазақ балалар әдебиеті қазақ ғалымдары, атап айтсақ, Ш.Ахметов, С.Қирабаев [2]сынды айтуы бойынша, фольклор – балалар әдебиетінің бастауы деп атай келіп, ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан басталады делініп жүр. Сонда балалар әдебиеті ХІХ ғасырдың орта шенінен аяқ асты пайда бола салған жоқ. Балалар әдебиетінің бастауы фольклордан басталып, көне дәуірлердегі түркі халықтарына ортақ төл мұраларымызбен жалғасады. Бала тәрбиесі, ұрпақ мәселесі қай кезеңде болсын қоғамнан тыс қалған емес. Мәселен, Еуропа өз балалар әдебиетін ежелгі Грекия мен Рим салған іргетастан таратып, яғни, құдайлар мен мифтік қаһармандар бейнесі туралы аңыздардан таратады. Сондай-ақ, балаларына библия әңгімелерін тұңғыш балаларға арнап ықшамдаған поляк ғалымы З. Косидовскийдің әңгімелерін оқытады.

Сол сияқты біз де түркі халықтарының балалар әдебиетін ХІХ ғасырдан ғана бастап шектемей, әріден яғни ежелгі түркі халықтарына ортақ мұралардан бастауымыз керек. Айталық, шартты түрде, қазақ әдебиеті кезеңдерін жүйелеген ғалым Б.Кенжебаевтың құрылымдық кезеңдерін басшылыққа ала отырып, балалар әдебиетін былайша жүйеледік:

1. Қазақ балалар фольклоры

2. Ежелгі түркі халықтарына ортақ жәдігерлердегі ұрпақ мәселесі

3. ХҮ-ХІХ ғ.ғ. І жартысындағы ақын-жыраулар поэзиясындағы бала тәрбиесі

4. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ағартушы-демократтар кезеңіндегі балалар әдебиеті

5. ХХ ғ. басындағы алаш әдебиеті кезеңіндегі балалар әдебиеті

6. Кеңестік дәуірдегі балалар әдебиеті

7. Қазіргі балалар әдебиеті

Балалар әдебиетін зерттеудегі ең қажетті де басты міндет мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш, орталау, орта мектеп оқушыларына лайықталған әдебиеттердің өзіндік ерекшеліктерін көрсету болғандықтан, оны әрбір тарихи дәуір, әдеби кезеңдерге байланыстыра талдауды мақсат етеді. Ол үшін, ең алдымен, балалардың жас ерекшелігін, білім көлемін, қабілетін, ойын, психологиясын мұқият еске алып отырады. Ал, балалар әдебиеті қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы болғандықтан, оны дәуірге, әдеби кезеңдерге бөлу кезеңдерін басшылыққа алады.

Фольклор сөз жоқ, балалар әдебиетінің бастауы, қайнар көзі. Балалар әдебиеті халық ауыз әдебиеті үлгілерін негізге ала отырып, бүгінгі күнге дейін дербес ғылым болып отыр. Осы аталмыш ғылымның жай-күйі қазіргі ақпараттанған ХХІ ғасырдың сұранысы мен талабына жауап бере ала ма? Бұл ойлануды қажет ететін және бір ауыз сөзбен жауап бере салатын сұрақ емес. Салмағы да, жауабы да ауыр сұрақ. Сонымен, қазіргі таңда қандай балалар әдебиеті қажет? Бір ғана мысал келтірейін: балалар фольклорында «Төрт түлік туралы» жырлар бар. Осыны балаларға қалай оқытып жүрмыз? Балдырған төрт түлік туралы өлең-жырларды жаттауын жаттар, бірақ өңі түгіл түсінде көрмесе оларды, қалай ұғындырамыз? Балаға нанымды болу үшін көзбен көру, яғни қоршаған ортада сезінуі тиіс.

Қазақ балалар әдебиетінің негізгі түп қазығының келесі арнасы – ежелгі түркі әдебиеті мұралары. Көне дәуірі кезеңіндегі мәдени мұраларымыз отандық, шетелдік ғалымдарымыздың назарын аударып отыр. Ү-ҮІІІ ғ.ғ. тасқа қашалып мәңгілік ескерткішке айналған Орхон-Енисей жазбалары, «Оғызнаме», «Китаби дәдәд Қорқыт» («Қорқыт ата кітабы»), «Диуани лұғат-ит түрк» ( «Түркі тілінің сөздігі»), «Құтадғу біліг» («Құтты білік»), «Диунаи хикмет» («Даналық кітабы»), «Хибатул хакайык» («Ақиқат сыйы»), «Бақырғани кітабы», «Кодекс куманикус» («Қыпшақтар кітабы»), «Қисса-cул-әнбия», «Хұсырау-Шырын», «Мухаббат-наме», «Жәдігернама», «Гүлстан бит-түрки» («Түркі тіліндег Гүлстан»), т.б.

Ертедегі Грекия құдайлары мен қаҺармандарын дәріптегенше, сол түркі халықтарына ортақ мәдени мүраларымызды, яғни Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Тұмар патша, Алып ер Тұңға, т.б. ерліктерін үлгі тұтсақ, яғни оларды жас буынның қазіргі кейіпкерлері «терминатор», «шрэк», «человек паук», т.б. сияқты құбыжықтардан гөрі басты қаһарман дәрежесіне көтерсек дұрыс болар еді. Бұл ойлануды қажет етпейтін, кезектен тыс қолға алуға тиіс бірден бір мәселе.

Орхон ескерткіштеріндегі жырлардың басты тақырыбы – ел тәуелсіздігін аңсау, ел қорғаны болған батырларының ерлігін дәріптеу. Айталық, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағандарды түркі халықтарының қаһарманы етіп, жырдағы айтқандай:

Тәңір текті, Тәңірден жаралған,

Түрк Білге қаған.

Бұл шақта отырдым,

Сөзімді түгел есітіңдер:

Бүкіл жеткіншегім, ұланым,

Біріккен әулетім, халқым... [3,49]

деген ұрпаққа айтар ұлағатты сөздерден басталып, олардың батырлық, ерлік істері жырланады. Ерлікті жырлайтын грек мифтерінен кем емес ежелгі жырлардың бірі – ХІІІ ғ. Хатқа түскен «Оғызнаме» («Оғыз қаған жыры»). Оғыздардың Көк Тәңіріне табынып, өздерін көк Бөріден таратып, жарықты Көкжал бастып отырады. Оғыз өзі көк өңді, әйелінің де көзі көк, тіпті шашы да теңіз толқынындай көгілдір деп суреттеледі. Яғни, көне түркілерде көк түс қасиетті деп саналған. Жырдан үзінді кетірейік: «Күндерде бір күн Айқағанның көзі жарыды, босанды. Еркек бала туды. Осы баланың өңі, шырайы көк еді...» [4,79]

Осы ұл анасының омырауынан бір-ақ рет сүт еміп, бұдан артық ембеді. Шикі ет, тамақ тіледі. Тілі шыға бастады. Қырық күннен соң үлкен болды, жүрді, ойнады... Оғыз қаған күндерден соң, түндерден соң жігіт болды. Бұдан әрі Оғыз қағанның өсуі халқының қиялы мен ғажайып, ойлау шеберлігі арқылы өрбиді.

Сондай-ақ, ежелгі түркі халықтары табиғатты бағалай білген. Жырда Оғыздың балалары – Күн, Ай, Жұлдыз, екінші әйелінен – Көк, Тау, Теңіз деп атауы да тегін емес. Әр баласының атын табиғат құбылыстарының атауын беріп, сөйлете білген. Грек жырларында олар құдайлар деп берілсе, ежелгі түркі жырларда адам есімдері түрінде сипат алған. Әрине, табиғатты адамнан, адамды табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Табиғатты жырлау, бейнелеу – бүгінгі балаларды оны сүюге тәрбиелеудің негізгі қазығы. Оның арғы арнасы көне түркі дәуірлеріне жетелейді.

Ахмет Иассауи Исламның түркі халықтарының дүниетанымына сәйкес сопылық ой-пікірлер жүйесі, яғни адамның ішкі рухани тазалығы және ғибадатын насихаттайды. Ислам діні жасөспірімдерге тигізетін әсері мол. Баланы тәрбиелеудегі негізгі мақсат – ислам дініндегі имандылық, адамдық қасиет, ақыл-парасатты бала бойына сіңіру. Сондай-ақ, ислам дініндегі кейбір қағидалар мен тыйым салуларына қарамастан мешіттен әйел адамдардың орын алып, діни жиындарға ер адамдармен бірге әйел адамдардың да қатысуы, өлеңдердің аспаптармен сүйемелдене айтылуы, әуен-сазға елтіп адамдардың бір-бірімен қол ұстасып билеуі, құрбандық қанының және сүйектерінің топыраққа көмілуі сияқты сенім-нанымдары ретінде қоса жүрген.

Даналық кітабында ислам дінінің ең басты қағидаларын, ереже-шарттарын жан-жақты баяндайды. Имандылықты насихаттайды. Адамгершілікті жырлайды. Ол өзінің тамаша ойларын, пікірлерін, тұжырымдарын төрт мәселеге негіздей отырып өрбітеді.

Бала тәрбиесі аса қиын да жауапты іс екендігі тәжірибеде дәлелденіп келеді. Ақыл-парасатқа бой ұсынып, игі мақсаттарға жетелеу үшін балаларға исламтану негіздерін үйреткеніміз орынды. Иассауи танымы бойынша, балаға алдымен, Аллаһқа деген махаббат керек, діннің негізі махаббатқа құрылуы керек. Махаббат – Аллаһты жан-тәнімен сүю деген сөз және дін жолында жасалған әрбір істің Аллаға деген осы сүйіспеншіліктің әсерімен жасалуы деген сөз. Дін жолында жасалған істердің негізінде осы сүйіспеншілік болмаса, басқанының түк те құны жоқ.

Иассауи дүниетанымының екінші негізі – баланың адамға деген сүйіспеншілігі. Адам – ең жоғары жаратылыс. Баланың психологиялық даму процесіне зер сала отырып, оның талабы, ынта-жігерін ислам дінінің негізгі қағидаларын білуге бағыттауымыз шарт. Бұл ретте, Қожа Ахмет Иассауидің хикметтерін оқытқанымыз жөн. Иассауидің айтуы бойынша, дін жолында жоғарылаудың, Алланың мейіріне бөленудің жолы – мұқтаждарға, жолда қалғандарға, жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге деген мейірімділік, сүйіспеншілік. Періштелердің ең ұлысы, тіпті Жәбірейіл жете алмаған жақындық арқылы Аллаға жеткен адамдардың ең ұлысы Әзіреті Мұхаммед бір ұлылыққа яғни миграджға (Әзіреті Мұхамедтің Аллаһқа көтерілуі) қалай қол жеткізген.

Сопылық діни-философиялық дүниетаным. Ислам әлемінде ҮІІ-ҮІІІ ғасырда пайда болған. Сопы – адамды рухани жетілдіру, Алланы тану, Алла мен адамды іштей таныстыру. Бұл саф таза деген ұғымды береді. Тәні де, жаны да таза адамға лайық атау. Сопылық ілімде ұстаз бен шәкірт қатынасы, рухани кемелдену жолында ұстазға, пірге тұтастай сену, Тәңірге қосылу – бақытқа жету жолы, сопылық махаббат пәлсапасы «Тазарған жанмен иеңді танисың». Сопылық – рух, ізгілік, даналық, ержүректілік, әділеттілік, саналылық, жан тазалығы, дінге, дүниеге, қоғамға ар биігінен қарау.

«Диуани Хикметтің» көркемдік ерекшеліктері Иассауидің осынау даңқты шығармасының сегіз ғасыр бойы мұсылман дүниесінің рухани қажеттілігіне жарап келе жатқаны оның көркемдік бітімінде, келісті тілінде, образдылығында. Сөз қолдану шеберлігінде. Дүние тану тереңдігінде. Сопылық – халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен философиялық жүйе... Араб-парсы философиясындағы өте жиі қолданылатын негізгі ұғымдарды атап өтейік: ақыл, ахуал, ақиқат, адам, әлем, ғылым, білім, есім, заман, зат т.б. Бұлар қазақ тіліне араб-парсы тілдерінен енген сөздер деп айту жеткіліксіз. Себебі, бұл сөздер, біріншіден, қазақ тіліне емес, түркі тілінен қазақ ұлты қалыптаспай тұрып енген, екіншіден, жоғарыда айтылған сөздер түркі тіліне лингвистикалық мәнде емес, философиялық терминдер дәрежесінде таралған. «Диуани Хикмет» сопылық түркі әдебиетінің ең ескі және ең маңызды жәдігері. Ақындық мәдениеті жоғары ұлы ақын ұлттық өлең құрылымы араб өлеңінің өміршең жаңалықтарымен түрлендіруге ұмтылған.

«Ақиқат сыйы» кітабының алғашқы тарауларында Ахмет Жүйнеки жаратушы бір Алланы, Мұхаммед пайғамбарды, оның төрт сахабасын мадақтайды. Ислам дәуіріндегі әдеби дәстүр бойынша қалыптасқан жүйе бұл. Одан кейінгі тарауларындағы тақырыптарды былай бөлуге болады:

1) Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы

2) Тілді тыйып ұстау - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты.

3) Жомарттық пен сараңдық

4) Кішіпейілділік абыройды асырады, тәкаппардың құты қашады.

5) Мың дос аз, бір дұшпан көп.

Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» дәстүрімен жазылған бұл кітабы қанатты сөздерге, пәлсафаға құрылған:

Өнерлеп жаздым кітап сөз түйерлік,

Сан толғап бірін алдым ел сүйерлік.

Асыл сөз аз болады, қалжың көп қой,

Боз арзан, шайы қымбат бір киерлік, - деп ақынның өзі сөздің арзанына емес, қымбатына үңілгенін айтады.

«Ақиқат сыйы» кітабы оқушысын адамгершілікке, сыпаылыққа, тазалыққа баурайды. Айтылмақ ойдың сабағы қазақ мақал-мәтелдерімен астасып жатады. Төменде Жүйнекидің қанатты сөздерінен алынған жолдар берілген:

Ашу оты тұтанып, жалындаса, биязылық суын шашып.

Білімді кісі – қымбат бағалы дидар,

Білімсіз надан – құны жоқ бақыр.

Білімді әйел – ер, надан еркек - әйел.

Сүйекке – май, адамға білім керек.

Әдептіліктің басы – аузын бағу.

Жібімейтін көңілді жомарт кісі жібітеді.

Қанша дүние жиғанмен, сараңның көзі тоймайды.

Сараң – дүние, малдың күзеткісі.

Менмен адамды халық та, құдай да сүймейді.

Қайырымсыз кісі жеміссіз ағаш сияқты.

Тәуір асың болса, кісіге жегіз, жарамды киім тапсаң,

жалаңашты бүтінде.

Кісіге азар берме.

Адамгершілік – үй, қарапайымдылық – оның іргетасы.

Бәле келсе, сабыр ет, қуанышын күт.

Ойлап сөйле, астын-үстін сөйлеме.

Тікен еккен адам жүзім жинамайды.

Бал қайда болса, сол жерде арасы бар.

Өнер арқылы дәулет келмейді, қиындық атаулының қиыны осы.

Қаза жетсе, әуедегі құс қарыңа қонады.

Кімнің досы жақсы болса, оның өзі де жақсы болады.



Ахмет Жүйнеки кітабында өз заманындағы адамдардың бұзылған, ішкілікке салынып, арамдыққа бейіл бергенін сынайды. Бұл тұстары алты жүз жыл кейін өмір сүрген Абай ойларымен сабақтасып жатыр

Ел тәуірі болып алды ішкендер,

Маскүнем бол, осы күні ішкен де – ер,

Таза жүрген жол таба алмай торығып.



Кітаптың соңында ақын жазып кеткен сөзінің кейінгіге үлгі болып қалуын тілейді.

Ахмет Әдиб – атым, үлгі – сөзім,

Қалады мұнда сөзім, кетем өзім.

Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер,

Сонымен жұмылар да екі көзім.

Жас ұрпақ, тыңда мені ұғасың көп,

Атымды дұғаңда айтып шығасың деп.

Өзіңе сирек сөзді сыйлық еттім,

«Маған да тарту етсін дұғасын», - деп.



Шындығында, Ахмет Әдиб Жүйнекидің «Ақиқат сыйы» кітабында айтылған ойлар кейінгі қазақ ақындарына дәстүр болған. Кейінгі қазақ әдебиетін қалыптастыруға жол салған. Абай, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Шәкәрім пәлсафасының іргетасы болып есептелінді.

Жолдастық, достық мәселесін айтқанда, жас буынға батыл болуды, намысты, жігерлі болып өсуді үлгі етеміз. Бұл жолда Алтын Орда дәуірінде назира дәстүрімен туған қиссалар кейінгі әдебиетімізде діни, ғашықтық, батырлық дастандарға жол салды. Ол дәуірдегі түркі оянушылығы қазақтың көк Ордасының құрылуына зиялы қауымды рухани жағынан дайындауға ат салысты. Іргесін жаңадан бекітіп жатқан қазақ елінің көкейкесті мәселелерін шұғыл жеткізіп отыруға қажеттілік әдебиетке өз жанрын әкелді, ерлік рухқа толы жыраулық поэзия дамыды.

Бала тәрбиесіне етене жақын шығармалар – дидактикалық көркем туындылар. Балаларға арнап жазылған шығармалардың көбі дидактикалық мазмұнда жазылған. Сол сияқты ежелгі түркі халықтарының дидактикалық шығармаларда тәрбиелік мақсат маңызды орында. Сондай дидактикалық сарында жазылған шығармалардың бірі – Ж.Баласағұнның «Құтты білігі». Өнегелі жол нұсқап, тағылымы мол ой тастайтын шығармалардан үзінді келтірсек:

Тәңірі адамдарды жаратты, үздік етті,

Оған өнер, білім, ақыл, ой берді.

Білім берді: адам бұл күндері шырқау биікке көтерілді.

Ақыл берді: осының арқасында шешілмейтін түйін шешілді.

Білімді – биік, ақылды – ұлық деп есепте.

Бұл екеуі таңдаулы құлдарын биікке шығарады.

Білімсіз кісілердің барлығы – ауру,

Көрікті істердің барлығы да ақылменен істелген,

Бектер бұл дүниеде біліммен ерекше.

Алты мыңнан астам бәйіттен тұратын шығармада ақыл, білім, ғылым, тіл өнері, өз құдіреті, достық, бала тәрбиесі, т.б. мәселелер жайлы ғибратты ойлар айтылады.

Айта берсек, ежелгі түркі дүниесінен балалар әдебиетіне қатысты дидактикалық ой, ғибратты, тағылымы мол тәрбие туралы шығармалар жетерлік. Түркі халықтарына ортақ ежелгі дүние тарихындағы мұраларда балаларға уағыз айту, ақыл-кеңес түрінде жазылған. Сондай-ақ, мемлекет басшысы болуға, серілікке даярлайтын адамдардың кодексі (заңдары) деуге болады.

ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар жыраулар Алтын Орда, Қазан, Әбілқайыр, Ноғай, Астрахань, Абылай хан т.б. хандықтары заманында өмір сүрген. Жыраулар поэзиясындағы басты тақырып – халық қамы, ел-жұрт амандығы, ел мен жер мәселесі, адамгершілік, адамға тән қасиеттер т.б. Яғни, тақырып ортақ, мақсат ортақ. Жыраулар поэзиясындағы ой толғау, жыр арнау үрдісі балалар поэзиясында қазір де жаңғыртылып қолданылып келеді. Жыраулар поэзиясын зерттеуші М.Мағауин: «Жырау поэзиясының өзіндік ерекшеліктері бұл мұраны жасаған жыраулар заманының көнелігінен, оның үстіне сол жыраулар ұстанған традицияның көнелігінен туады. Жыраулар қаруланған көркемдік әдістердің дені – көне, ескі түркілік» [5,136], - деп атап көрсеткендей алдынғы дәуір мен кейінгі заман әдебиеті бір-бірімен сабақтасып жатыр. Әрине, олар қоғамның дамуына сай дәуірлер бойына дамып, біртұтас ұлттық әдебиетті құрайды. Жыраулар поэзиясының өкілі Асан Қайғыдан мысал келтіре отырып ойымызды сабақтасақ:

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.

Жыраудың толғауларында нақыл сөздер мен авторлық афоризмдер мол кездесіп, кішкентай оқырманды ойлылыққа жетелейді. Жыраулардың ой толғауына тән ерекшелік – бейнелі ойды ұтымды көркемдік тәсілмен жеткізуінде. Философиялық ойға жетелейтін шығармалар баланың таным-түсінігіне сай тағылымды ой жолдарымен берілген. Мәселен,

Құйрығы жоқ жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер?!

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жылан қайтіп күн көрер?!

Шыбын шықса, жаз болып,

Таздар қайтіп күн көрер?!

Жалаң аяқ балапан,

Қаздар қайтіп күн көрер?!

Балаларға елін сүю, ел бірлігін сақтау, оларды шешендікке баулу жолында Бұқар жыраудың толғауларынан үзінді келтіре отырып, жыр жолдарын оқытсақ болады. Мысал келтірейік:

Асқар таудың өлгені –

Басын мұнар шалғаны.

Көктегі бұлттың өлгені –

Аса алмай таудан қалғаны.

Ай мен күннің өлгені –

Еңкейіп барып батқаны.

Айдын шалқар өлгені –

Мұз болып тастай қатқаны.

... Өлмегенде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Бүгінгі ұлттық балалар әдебиетінде ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар ақындарының қалыптастырған поэзия тағылымды да тәрбие мектебі болары хақ.

ХІХ ғасырдың ұлттық әдебиеті Дулат, Махамбет, Мұраттың өршіл жырларынан басталып, Ыбырай Алтынсариннің қазақы мысалдары, әңгімелері, Шоқанның ел аузынан жазып алған аңыздары мен эпостық жырлары, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері балалар әдебиетінің төрінен ойып орын алады.

Махамбет шығармалары балғын жастарды қайсарлыққа, намысшылдыққа, өрлікке тәрбиелейді. Оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады... Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті.Түр мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұңайма», «Айныман» деген өлеңдері,мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер.

«Мұңайма» өлеңіннен мысал келтірейік:

Ханның ісі қатайды,

Азамат ерден мал тайды,

Қанды көбе киініп,

Бір Аллаға сиынып,

Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай-ды,

Жолдастарым,мұңайма!...

Махамбет поэзиясы – халық тағдыры туралы жыр. Оны «Ереуіл атқа ер салмай», «Соғыс», «Толғау» деген алғашқы өлеңдері де дәлелдей алады. Жәңгір хан ордасының үстіне халық қаһарының бұлты төнген күндерді ақын өзгеше шабыт, ынтамен жырлайды:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

... Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Арып-ашып,жол көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай жастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?

деген сөздер бір ғана батырларды емес,өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық ерлігін жырлау болатын.

Ш. Уәлиханов ғылымның түрлі саласында еңбек еткен. Алайда оның шығармалары негізінен екі салаға жіктеледі: 1) Қазақтың өткендегі әдет-ғұрпы, салты, ауыз әдебиеті, тарихы, Қытайдың алты шаһары ( Нан-лу) жайындағы ғылыми-географиялық қоғамына жиырма жасында мүше болған. 2) Шоқанның демократиялық көзқарастарын көрсететін саяси-әлеуметтік мәні бар еңбектері. Бұл еңбектерінде Шоқанның демократиялық пікірлері айқын әрі күштірек айтылған. Тарихи-ғылыми мәні зор «Абылай» (1860) атты мақаласында Шоқан Абылайды қазақ халқының тәуелсіздігін көздеген күшті ханы дей келіп, ол жайыдағы ел аузындағы әңгімелерді халық тәуелсіздігіне құрал етуді көздейді. Ғалымның бұл еңбектерінің тарихи мәні аса зор. Олар ескірмек емес. Осы мақаласында Шоқан Абылай батырлары жайындағы ертегілер қазақтың эпостық жырларына негіз болды деген пікіді де айтады.

Шоқанның «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» (1862) деген еңбегінің мәні де аса елеулі. Онда ғалым қазақ халқының ежелгі нанымы – шаманизм, ислам діні кейінгі қоспа, ол қазақтың үстем тап өкілдерінің құралы болды деген пікірді айтады.

Ұзақ уақыт шаман дінін үрдіс еткен қазақ елі табиғат аясында өсіп, өзінің ежелгі наным-сенімі мен салт-санасын жақсы сақтаған. Поэзия жанрының өте күшті дамуы соның бір айғағы. Қазақтардың ерте кездегі сенген құдіреті – Көк тәңірі болған. Кейін ол «алла», «құдай» болып ислам ұғымына көшкен. «Тәңір жарылқасын», «көк соққан», «көк соққыр» дейтін ұғымдар осыны білдіреді. Сонымен қабат қазақ халқы Күнге, Айға, жұлдызға табынған. Отқа табыну – зороастризм культі де болған. Мұны ескі зороастра дінінің әсері дейді Шоқан. Ол қазақтың ескі нанымы – табиғат діні, ол көкті, жерді, суды қасиет тұтудан туған деп, мәселені материалистік тұрғыдан сөз етеді.

ХІХ ғасырдың ұлы ақыны, ойшыл қоғам қайраткері, қазақ халқы ағартушысының бірі – Абай Құнанбаев. Абай өзі педагог болмаса да, Ыбырай Алтынсарин сияқты баланы оқытуға, тәрбиелеуге көп көңіл бөлген, оған зор мән бере білген ақын. Баланы оқытудың да белгілі мақсаттары, алдарына қоятын тілектері барын айтқан. «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім» - дейді Абай. Халық үшін туған ұл – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Абай балалар әдебиетін жасаушылардың бірі – ірі өкілі. Жасөспірімдерге арнап бірталай өлеңдер жазды, ақыл сөздер айтты. Жасөспірімдерді өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей, жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын-ала ескертіп өтеді.



Қорытынды

Жоғарыда байқағанымыздай, балалар әдебиеті алғашқы пайда болған кезеңдерінде тәрбиелік пен білімдік басты назарда болған. Біз мақаламызда ұлттық әдебиетіміздегі балаларға арналған туындылардың шығу арналары мен даму бағыттарын сараладық.

«Бала – баршаның байлығы мен бақыты. Бүгінгі бала ертеңгі ер азамат болғандықтан да балаға қарап біз болашағымызды болжап, бағалаймыз, бағдарлаймыз» [6,102]. Дүние есігін жаңа ашып, енді ғана қалыптасып келе жатқан сәбидің ең алдымен адам, жеке тұлға, саналы азамат болып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің де орны бөлек. Жақын адамдардың өзіне деген махаббаты мен қамқорлығын сезінген бала өзінің жақсы қасиеттерімен танылады. Ал мектеп қабырғасында балаға жас кезінен төл тарихындағы қаһармандармен таныстырып, барынша ержүрек, батыл болып өсуіне ықпал етуіміз керек. Сондай-ақ, бала қиялын дамытып, фантастика арқылы өмірді қабылдата білсек. Балаларға арналған шығармаларға артылар жүк оңай емес, әрине, асқан сүйіспеншілікпен, шебер де қиялын ұштайтын сезімге толы эмоциялық әсері басым болуы тиіс. Онда, ұлттық колорит, тағылымды тәрбие мен табиғи адамдық қасиет, т.б. басты назарда болуы шарт. Балаларға арналған шығармалар олардың психологиясын, әр алуан құбылысын жете түсініп, көркем тілмен жүрекке жылы, шебер суреттелуімен құнды.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



1. Арзамасцева И.Н., Николаева С.А. Детская литература. – М.:Академия, 2002.-472 с.

2. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. – Алматы, 1965., Қирабаев С. Өнер өрісі. Мақалалар мен зерттеулер. –Алматы:Жазушы, 1971.-272 б.

3. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы, 1986

4. Өмірәлиев Қ, «Оғыз қаған» эпосының тілі. – Алматы, 1989

5. Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы, 1991.

6. Ж.Баласағұн Құтты білік. – Алматы: Өнер, 1995

7. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.

8. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. 1-кітап. – Алматы, 1997.

9. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы, 1985











Yorumlar








Aktif Ziyaretçi 13
Dün Tekil 790
Bugün Tekil 164
Toplam Tekil 1639706
IP 54.161.128.52






TURAN-SAM PRINTED ISSN: 1308-8041
TURAN-SAM ONLINE ISSN: 1309-4033
Journal is indexed by:

































































8 Rebiü'l-Evvel 1438
Aralık 2016
P
S
Ç
P
C
Ct
P
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31


Benim Hayatta yegane fahrim, servetim Türklükten başka bir şey değildir.
(Mustafa Kemal ATATÜRK)


Ekle Çıkar









Anasayfa - Amaç - Misyon - Vizyon - Faaliyetler - Tüzük - Yönetim - Yasal Uyarı - İletişim

Her Hakkı Saklıdır © 2007 - 2017 TURAN-SAM : TURAN Stratejik Araştırmalar Merkezi
Sayfa 1.406 saniyede oluşturulmuştur.

TURAN-SAM rssTURAN-SAM rss
Google Sitemap

Sayac

"Bu site en iyi mozilla firefox'ta 1280x960 çözünürlükte görüntülenir."

Turan Portal v1.3 | Tasarım TURAN-SAM , Kodlama Serkan Aygün

Turan Nedir?, Bilimsel Dergiler, En popüler Bilimsel Dergi, Endeksli Bilimsel Dergiler, Saygın Bilimsel Dergi, Türk Dünyasının en popüler ve en saygın Bilimsel Hakemli Dergisi, SSCI, SCI, citation index, Turan, Türk Devletleri, Türk Birligi, Türk Dünyası, Türk Cumhuriyetleri, Türki Cumhuriyetler, Özerk Türkler, Öztürkler, Milliyetçi, Türkçü, Turancı, Turan Askerleri, ALLAH'ın askerleri, Turan Birliği, Panturan, Pantürk, Panturkist, Türk, Dünyası, Stratejik, CSR, SAM, Center for Strategical Researches, Araştırma, Merkezi, Türkiye, Ankara, İstanbul, Azer, Azeri, Azerbaycan, Bakü, Kazakistan, Alma-Ata, Astana, Kırgız, Bişkek, Kırgızistan, Özbekistan, Özbek, Taşkent, Türkmen, Türkmenistan, Turkmenistan, Aşxabad, Aşkabat, Ozbekistan, Kazakhstan, Uzbekistan, North, Cyprus, Kıbrıs, MHP, AKP, CHP, TURKEY, Turancılık, KKTC, Vatan, Ülke, Millet, Bayrak, Milliyet, Cumhuriyet, Respublika, Alparslan Türkeş, Atatürk, Elçibey, Bahçeli, Aytmatov, Bahtiyar Vahabzade, Yusuf Akçura, Zeki Velidi Togan, İsmail Gaspıralı, Gaspırinski, Nihal Atsız, Alptekin, Kürşad, Tarih, Kardeş, Xalq, Halk, Milletçi, Milliyetçi, Yürek, Ürek, Türklük, Beynelxalq, Arbitrli, Elmi, Jurnal, Nüfuzlu